Ресей Киевті зымыранмен атқылады

10 қазанда Киевте кемі екі жарылыс болған. Салдарынан 8 адам көз жұмып, 24 бейбіт тұрғын жараланған


10/10/2022
13:48 26993 0

Украина астанасы Киевте бірнеше жарылыс болды. Бұл жөнінде DW (Неміс толқыны) басылымы хабарлады. 

 

DW мәліметінше, 10 қазанда Киевте кемі екі жарылыс болған. Салдарынан 8 адам көз жұмып, 24 бейбіт тұрғын жараланған. Бұл мәліметті Украина сыртқы істер министрінің кеңесшісі Ростислав Смирнов растаған. Оның сөзінше, жарылыс Шевченковск ауданында болған. 

 

Киевтен бөлек, Ресей Днепр, Житомир, Тернополь, Львов қалаларын да зымыранмен атқылаған. 

 

Ресей ақпанда Украинаға басып кіргенде Киев қаласын бірнеше күнде басып алатынын айтқан. Бірақ қаланы басып ала алмаған. Қыркүйекте «референдум» арқылы Украинаның бірнеше облысын аннексиялаған. Ресми Киев «референдумды» саяси сайқымазақ деп атап, жерін толық азат еткенге дейін соғысты жалғастыратынын мәлімдеген.  

 

8 қазанда Мәскеу аннексиялаған Қырымды Ресеймен жалғайтын көпір жарылып, автокөлік жолының бірнеше жолағы қираған. 

 

Бұған дейін Ресей билігі «Қырым көпіріне шабуыл жасалса, қарымта жауап ауыр болатынын» айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/10/2022 13:48
26993 0

Уведомление